02 Ақпан, 2022 NEWS
Фото: Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды
Асқар Амрин Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
– Бүгін менің Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары ретіндегі соңғы жұмыс күнім, – деп жазды ол.
Сондай-ақ жазбасында елорда тұрғындарына және әріптестеріне алғысын білдірген.
Асқар Амрин елорда әкімінің орынбасары қызметін 2016 жылдың қазан айынан бастап атқарып келген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір